2025 жылғы 26 қазанда өткен №12 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихаттың депутатын сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихат депутатының сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1770 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1046 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 11-і қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

№12 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Баядилов Батырбек Бегайдарұлы үшін сайлаушылардың 769 дауысы берілді;

Құлмағанбет Думан Дулатұлы үшін сайлаушылардың 97 дауысы берілді;

Тасова Жұлдыз Ерланқызы үшін сайлаушылардың 107 дауысы берілді.

 «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 65.

 

Сайлау қорытындысымен №12 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаты болып:

- Баядилов Батырбек Бегайдарұлы, 1977 жылы туған, «Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Кіші-Түкті орман шаруашылығы мекемесі» КММ директоры, Ақмола облысы Зеренді ауданының Қанай би ауылында тұрады, сайланды.

 

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
28 октября 2025