2025 жылдың 15 маусымында Зеренді ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 21434 азамат енгізілді, олардың 11 553-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 303, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 581.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байсейітов С.Ш. – 2 148; Есымбаев А.А. – 945; Құрманғожин Ә.А. – 7 576.
Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі болып Құрманғожин Әсет Асылбекұлы сайланды, 1988 жылы туған, «Ақмола облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, «Amanat» партиясымен ұсынылған.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы