2024 жылғы 31 наурызда өткен №9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 31 наурызда №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихаттың шығып қалғанның орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1844 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1109 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4-і қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының шығып қалғанның орнына депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Жүкенов Асылбек Маратұлы үшін сайлаушылардың 157 дауысы берілді;
Сабирова Валентина Ивановна үшін сайлаушылардың 177 дауысы берілді;
Сағдиев Ербол Болатұлы үшін сайлаушылардың 667 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 91.
Сайлау қорытындысымен №9 бірмандаттық сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының шығып қалғанның орнына депутат болып:
- Сағдиев Ербол Болатұлы, 1961 жылы туған, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры, Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, сайланды.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы