Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

🌷Құрметті Зеренділіктер!


1 наурызда біз ортақ мерекеміз - өзара көмек, ризашылық пен ел бірлігінің бейнесіне айналған Алғыс айту күнін атап өтеміз.
Осы айтулы күні барша Қазақстан халқы сынақтардың қиын жылдарында адамгершілік пен руханияттың сақтап қалғанын еске алады.
Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақ жерінде достық пен өзара түсіністіктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Отандастарына және туған өлкесіне деген жарқын ризашылық сезімі осы мерекені ерекше, терең мағынамен толтырады.
Біздің еліміздің тарихы - біздің бірлігіміздің тарихы. Біз оны әрқашан есте ұстауымыз керек! Бұл бейбітшілік үшін, адамдардың достығы мен өзара түсіністігі үшін, балаларымыз бен немерелеріміз үшін ең бастысы болып табылады!
Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мақсаты ол - ұрпақтар байланысын нығайту, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, ең бастысы Ел болып туған Отанымызға Алғыс айту мүмкіндігі.

Бүгін осы сәтті пайдалана отырып Мен барлық Зеренділіктерге бейбітшілік пен келісімді сақтағаны үшін алғыс айта отырып сіздерге және сіздердін отбасыларыңызға бақыт, амандық, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!

Ізгі нитетпен
Зеренді аулдық округінің әкімі  Н. Әбуғалиев