
23 тамызда №554 сайлау учаскесінде Зеренді ауылдық округінің әкімі Нұртас Әбуғалиев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ол өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, азаматтық ұстанымын білдірді.
«23 тамыз – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды әрі жауапты күн. Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымымызды білдіріп, Қазақстанның болашағына өз үлесімізді қосудың мүмкіндігі. Округ тұрғындарын өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамын», – деді Нұртас Әбуғалиев.