​Зерендіде тағы 11 адам жаңа пәтердің кілтіне ие болды

​Зерендіде тағы 11 адам жаңа пәтердің кілтіне ие болды

​Зерендіде тағы 11 адам жаңа пәтердің кілтіне ие болды.
Бұл қоныстандырудың екінші кезеңі.
Бұған дейін ауылдың 26 тұрғынына кілттер табысталған болатын.
Айта кету керек, бұл жаңа 74 пәтерлік тұрғын үй.

​Пәтерлер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санатындағы азаматтарға берілді.

Кілттерді Зеренді ауданына жұмыс сапары аясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев табыс етті.

​Көптен күткен іс-шара салтанатты жағдайда өтті.
Тұрғын үй Зерендінің нақ орталығында орналасқан. Пәтерлер - жайлы, терезелері үлкен және жоспарлануы ыңғайлы.