Зеренді ауданының және ауылдық округтің әкімдері тұрғындармен кездесті

Зеренді ауданының және ауылдық округтің әкімдері тұрғындармен кездесті

Зеренді ауылдық округінде аудан әкімі Асет Құрманғожиннің тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесу барысында ол Зеренді ауданындағы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен маңызды жобалардың іске асырылуы туралы айтты.

Сонымен бірге Зеренді ауылдық округінің әкімі Нұртас Әбуғалиев баяндама жасап, соңғы алты айдағы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды.

Әлеуметтік атаулы көмекті 79 адам алды, жалпы сомасы 7 млн теңгеден асты. Біржолғы материалдық көмек 31 адамға 1 900,0 мың теңге көлемінде көрсетілді. Үш тұрғын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында 1 600,0 мың теңге мөлшерінде қайтарымсыз грантқа ие болды.
Салық түсімдері бойынша округ 159 млн теңге жоспарға қарсы 163 млн теңгеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, округ әкімі жылу беру маусымына дайындық, жылумен қамтамасыз ету сапасы, жолдардың қысқы күтімі, көше-жол желілерінің жағдайы және электр беру желілерінің күтімі жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді.

Кездесу соңында аудан әкімі А. Құрманғожин ауыл өмірін жақсартуға қосқан үлесі үшін округтің он тұрғынына «Зеренді ауданының 90 жылдығы» мерейтойлық медалін табыстады.

Марапатталғандар қатарында:

Шейлман Евгений Егорович, «Ақмола су қоймалары» КМК басшысы

Рахметов Асылхан Жарлқасинович, «Зеренді ауданының ветеринарлық станциясы» КМК ветеринариялық дәрігері

Бурбах Никита Геннадьевич, «Зеренда-Сервис» ГКП су шаруашылығы мастері. Сонымен қатар марапатқа ие болғандар: Акмағанбетов Мейрам - Зеренді өндірістік-пайдалану басқармасының жетекші инженері, Алазов Талғат - «Көкшетау» ҒӨҚ РМК Зеренді филиалы директорының орынбасары, Аубакиров Беркут, Жолдыков Нұрсұлтан - «Зерен Көмір» ЖШС директоры,
Зейнуллин Руслан - жеке кәсіпкер, Ли Алексей - «Көкшетау» ҒӨҚ РМК Зеренді филиалының аңшысы,
Сандуров Дулат - «Зеренда-Сервис» ГКП су шаруашылығы мастері.

Кездесу соңында тұрғындар орталықтандырылған жылу желілеріне қосылу мүмкіндігі, кейбір жолдардың жай-күйі және ауыл аумағындағы бос қалған үйлерді түгендеу қажеттілігі туралы сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға толық әрі түсінікті жауаптар берілді.