
Зеренді ауылында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Қатысушылар аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, шамамен 50 түп ағаш отырғызып, 1 тоннадан астам тұрмыстық қоқыс жинады.
Акцияға 100-ден астам адам қатысты, олардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев пен Зеренді ауданының әкімі Асет Құрманғожин болды.
Апта бойы аудан бойынша 500-ге жуық адам қатысып, 1000-нан астам ағаш отырғызылды.
Зеренді ауылдық округіндегі акцияны ауыл әкімінің орынбасары Рүстем Катенов үйлестірді.