Азаматтарды жеке қабылдауды Зерендi ауданының әкімі А.А. Құрманғожин өткізді.
Қабылдауға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімінің басшысы Виктор Рукавишников, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі Татьяна Плотникова, аудан әкімінің орынбасары С.Т. Исаханов, аудан әкімінің аппаратының басшысы А.Е. Хайдар және Зерендi ауылдық округінің әкімі Нұртас Әбуғалиев қатысты.
Ауыл әкіміне тұрғындар өзекті мәселелермен тікелей жүгінді:
— Төлеубек Жақыпов Көктерек–Зеренда және елді мекен ішілік жолдарды жөндеу мәселесін көтерді;
— Айтжамал Қойшыбаева – үйлерге жылу тарту мәселесін қозғады;
— Назым Айчанова мен Әсем Қайырболатова – тұрғын үй және материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша өтініш білдірді.
Өтініштер бойынша нақты шешімдер қабылданды:
✔ жол жөндеу жұмыстарына инертті материал дайындалды, арамшөптер шабылды;
✔ жылу мәселесі бойынша тұрғындармен және жылу желісінің иелерімен кездесу өтті, Қызыл Армия көшесіндегі үйлер жылу қосуға келіспеді;
✔ тұрғын үй мен материалдық көмек мәселелері бойынша түсіндірме берілді, тіркеудің болмауына байланысты уақытша көмек көрсетілмейді.
Тұрғындардың өтініштері ауыл әкімінің тұрақты бақылауында.