4 қазан күні Ақмола облысының Зеренді ауданы, Зеренді ауылында Zerenda Half Marathon жүгіру жарысы өтті. Бұл - күздің ең жарқын спорттық оқиғаларының бірі. Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді демалысты қолдау.
Биыл жарысқа мыңнан астам адам қатысты. Маршрут орман соқпақтарымен және әсем Зеренді көлі жағалауымен өтті. Ересектер мен балалар үшін 500 метрден 30 шақырымға дейінгі қашықтықтар ұйымдастырылды.
Марафонның атмосферасы ерекше болды: қуаныш, музыка және көрермендердің қолдауы сезілді. Қатысушылар Зеренді табиғатына тәнті болып, жоғары деңгейдегі ұйымдастыруды атап өтті.
Аудан және округ әкімдігі іс-шараны өткізуге барынша қолдау көрсетті.
Zerenda Half Marathon - Зерендіні күш пен шабыттың мекені ретінде танытатын жақсы дәстүрге айналуда.