Айдарлы ауылында Зеренді ауылдық округінде азаматтарды қабылдау өтті

Айдарлы ауылында Зеренді ауылдық округінде азаматтарды қабылдау өтті

Айдарлы ауылында азаматтарды қабылдау өтті. Қабылдауды Зеренді ауылдық округінің әкімі Нұртас Әбуғалиев жүргізді. Қабылдауға округ әкімінің орынбасары  Р.Катенов, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары  Ж.Қапанов пен Б. Тоқбай қатысты.
Кездесу ауылдық Мәдениет үйінде өтті, онда жақында жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Жергілікті тұрғындар өздерінің өзекті мәселелерін көтеріп, ауылдың алдағы даму жоспарлары жайлы сұрақтар қойды. Кездесудің басында округ әкімі атқарылған жұмыстар туралы қысқаша есеп берді.
-Қабылдау барысында мынадай мәселелер қозғалды:
-Мәдениет үйінің аумағына жарықтандыру орнату;
-Ауылдағы интернет жылдамдығының төмендігі;
-Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру;
-Көмір сақтайтын қосымша нысан салу (ауылдың мәдениет жетекшісінің ұсынысы);
-Жайылымдық жер тапшылығы (жергілікті шаруалардың өтініші).
Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, округ әкімі тарапынан тиісті түсініктемелер берілді.