Зеренді республикалық «Таза Қазақстан» акциясын қолдауды жалғастыруда

Зеренді республикалық «Таза Қазақстан» акциясын қолдауды жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес және республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Зеренді ауылында кезекті сенбілік өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдары қатысып, аумақты тазалау жұмыстарына белсенді атсалысты. Акцияның мақсаты – таза, көркем әрі жайлы орта қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударту.