Викторовка ауылдық округінің әкімі Абжанов Арлан Серікұлының Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округіне қарасты Красиловка ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Жиынға Зеренді аудандық мәслихатының депутаты Жанна Дүйсенова қатысты.
Тұрғындар Орталық көшесіндегі көше шамдарын ауыстыру, ауылішілік жолдарды сұрыптау, су мұнарасын жөндеу, электр тіреуіш бағаналарын жөндеу және т.б мәселелерді көтерді. Барлық түйткілді мәселелер бақылауға алынды.