Күсеп ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиыны

Күсеп ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиыны

Күсеп ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиыны

 

▪️2025 жылғы 28 ақпанда Күсеп ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиыны өтті. Жиынға округ әкімі Сәрсенбаев Қ.Т. және Зеренді аудандық мәслихатының депутаты Швайбович Д.Г. қатысты. Сондай-ақ, округтің жауапкершілігі шектеулі серіктестік және шаруа қожалықтарының басшылары шақырылды.

▪️Кездесу барысында округ әкімі 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жылға арналған негізгі міндеттерді айқындады. Жиынның басты мәселелерінің бірі – Азат бекетінде көпбалалы отбасыға тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинауды аяқтау болды.

▪️Сонымен қатар, жергілікті қоғамдастық мүшелері Наурыз мейрамын атап өтуге қатысты мәселелерді талқылады. Жауапты тұлғалар бекітіліп, биылғы мерекелік шараны Азат бекетінде өткізу туралы шешім қабылданды.