Бұл игі акция аясында Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты оқушыларды әлеуметтік қолдау, мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін демеушілер мен әлеуметтік әріптестерді тарту бағытында жыл сайын ауқымды және жүйелі жұмыстар атқарады.
Акцияның басты мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, сондай-ақ балалардың мектепте оқумен 100 пайыз қамтылуын қамтамасыз ету және әлеуметтік себептермен сабақтан қалмаудың алдын алу.
Биылғы жылы округ әкімі Қ. Т. Сәрсенбаевтың акцияға бірлесіп қатысу туралы үндеуіне округтің әлеуметтік жауапты кәсіпорындары жедел үн қосты:
Күсеп ауылдық округінің әкімдігі «PTR Group» ЖШС, «Агро Адал» ЖШС, «Дихан плюс» ЖШС және «Азат элеваторы» ЖШС басшылығы мен ұжымдарына танытқан әлеуметтік жауапкершілігі, жанашырлығы және округіміздің өміріне белсене қатысқаны үшін шынайы және терең алғысын білдіреді!
Сіздердің қолдауларыңыз — өскелең ұрпақтың болашағына қосылған сүбелі үлес және отбасыларға көрсетілген үлкен көмек.
Барлық әріптестерімізге гүлдену мен табыс тілейміз, ал барлық оқушыларға жаңа оқу жылында оқуда озат болуды, жаңа жаңалықтар ашуды және жарқын жетістіктерге жетуді тілейміз!