
Күсеп ауылдық округіне қарасты Азат станциясында жол желісін орташа жөндеу және асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, көлік қатынасының қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба.
Жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асатын 7 учаскені қамтиды:
Элеваторная көшесі — 2,295 км
Центральная көшесі — 1,200 км
Школьная көшесі — 0,536 км
Степная көшесі — 0,445 км
Привокзальная көшесі — 0,400 км
А. Сабиров көшесі — 0,210 км
Школьная көшесінің тұйығы — 0,082 км
Мердігер ұйым: «РСУ-16» ЖШС, «Көкшетау Жолдары» ЖШС-нің қатысуымен.
Ауылішілік жолдарды жақсарту – елді мекен инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.
Осыған байланысты, құрылыс техникаларының жұмысына байланысты туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.