
9 мамырда Күсеп ауылдық округінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты митинг өтіп, соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштер мен обелисктерге гүл шоқтары мен гүлдер қою рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мекеме және ұйым қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаты, жалпы білім беретін мектептің ұстаздары мен оқушылары, ауылдық клуб қызметкерлері, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті қауымдастық өкілдері және округ тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген округ басшылығы мен қоғам өкілдері ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен жанқиярлығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи жадымызды сақтау және батырлар ерлігін ұлықтаудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқып, Жеңіс батырларына тағзым білдірді. Олардың әсерлі өнері жиынға ерекше рух пен тағылымды мән сыйлады.
Өркен ауылындағы Ұлы Отан соғысы жауынгеріне арналған ескерткіш пен мемориалға батырларды еске алып, тағзым ретінде гүл шоқтары мен гүлдер қойылды.
Жиналған қауым қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс жолында жанын қиған батырлардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталады.
Ұлы Отан соғысы батырларының рухына мәңгі тағзым!
Жеңіс күні құтты болсын!