Азат ауылында жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өтті

Азат ауылында жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өтті

Азат ауылында жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өтті

 

Осы аптада ауылдық округ әкімінің аппараты Азат ауылының негізгі мектебімен  бірлесіп, білім беру ұйымдарымен қамтылмаған балаларға, көпбалалы , аз қамтылған отбасылардың, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сондай-ақ Азат ауылының қамқорлық пен қолдауға мұқтаж балаларға арналған қайырымдылық жаңа жылдық іс-шара  өткізді. Азат ауылында бойынша барлығы 24 бала қамтылды.

 Іс-шара аясында жаңа жылдық сыйлықтар балаларға тұрғылықты мекенжайлары бойынша  жеткізіліп табысталды. Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткен құттықтау балаларға қуаныш, күлкі және шынайы мерекелік көңіл күй сыйлады

 «Дихан Плюс» ЖШС-не, Зеренді аудандық мәслихатының депутаты Д. Г. Швайбовичке қолдау көрсетіп, жанашырлық танытқаны және белсенді қатысқаны үшін ерекше алғыс білдіреміз. Сіздердің көмектеріңіздің арқасында бұл мереке округіміздің отбасылары үшін жылы әрі мәнді болды. Балаларға көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен ізгі істеріңіз үшін алғысымыз шексіз.