Өркен ауылында жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өтті

Өркен ауылында жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өтті

Өркен ауылында жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өтті.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Өркен ауылының жалпы білім беретін мектебінің өкілдерімен бірлесіп, ауылдық округ әкімі аппараты мүгедектігі бар балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын туғаннан 5 жасқа дейін аралығындағы балаларға арналған мерекелік құттықтау ұйымдастырды.

Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен өткен мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қуанышқа, жылулық пен шат күлкіге толы болды.

 Бүгін Өркен ауылында 41 бала жаңа жылдық сыйлықтар мен ерекше көңілге бөленді.

Іс-шара «Агро Адал» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Осындай игі бастамалар ауылымызда қамқорлық, мейірімділік және өзара қолдау атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді.