
🔹️Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында (мекенжайы: Өркен ауылы, Целинная көшесі 28) Е-gov "Өзін-өзіне қызмет көрсету" бұрышының құрамында «Құқық кабинеті» жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 09:00–18:00.
Құрметті тұрғындар!
Біздің "өзін-өзіне қызмет көрсету" бұрышында сіз қолданыстағы және талқыланатын нормативтік құқықтық актілермен таныса аласыз, компьютерді, интернетті және қажетті нұсқаулықтарды пайдалана аласыз.
🟦 «Құқық кабинеті» – бұл әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заңгерлік көмекті) ала алатын орын.
🔹️ Кабинет компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған, «Әділет» ақпараттық-құқықтық базасына және «Заң» деректер базасына қолжетімділік қарастырылған. Сондай-ақ (е-Өтініш, Egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылға арналған ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу мүмкіндігі бар.