Ауыл шаруашылығы күніне арналған салтанатты іс-шара

Ауыл шаруашылығы күніне арналған салтанатты іс-шара

 

Ауыл шаруашылығы күніне арналған салтанатты іс-шара

 

 

 Зеренда ауылында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шара барысында Зеренді ауданының әкімі Курманғожин Асет Асылбекұлы саланың үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, «Зеренді ауданына – 90 жыл» мерейтойлық медальдері, алғыс хаттарды,

құрмет грамоталарымен қоса сыйлық сертификаттары да табыстады.

Наградаланғандардың қатарында өз кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген Кусеп ауылдық округінің өкілдері де бар.

 Күсеп ауылдық округінен марапатталғандар

Чернявский Виктор Григорьевич, ТОО «Дихан Плюс» механизаторы (жүк көлігі КамАЗ жүргізушісі) — саладағы 35 жылдық еңбек өтілі бар жауапты және өз ісіне адал қызметкер.2025 жылғы орақ науқаны кезінде жоғары кәсібилік танытып, 9 060 тонна өнімді тасымалдады.

Капаров Берікжан Құдайбергенұлы, ТОО «Дихан Плюс» механизаторы — 20 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны кезінде 2 191,12 га аумаққа егін сеуіп, орақ науқанында 3 483 тонна астық бастырып, өзінің жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді.

Малюк Галина Яковлевна, ТОО «Дихан Плюс» кәсіпорнының повары — 2011 жылдан бері кәсіпорынның асханасында үздіксіз әрі сапалы жұмысты қамтамасыз етіп келе жатқан, жауапкершілігі жоғары және жоғары білікті маман.

📜 Кәсіпорын басшысына көрсетілген құрмет

Шара барысында кәсіпорын басшысы — Швайбович Денис Геннадьевич, ТОО «Дихан Плюс» директоры да ерекше атап өтілді. Ұжым жұмысының тиімді ұйымдастырылуына, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қосқан жеке үлесіне, сондай-ақ округтегі әлеуметтік бастамаларды қолдағаны үшін ол Зеренді ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Бұл марапат – оның еңбегінің, басқарушылық тәжірибесінің және кәсіпорынның табысты дамуына қосқан үлесінің лайықты бағасы.

Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты барлық марапатталғандарды құттықтап, ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлеріне өңірдің дамуына қосып отырған еңбектері үшін шынайы алғыс білдіреді.