Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбегі еленген азамат!

Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбегі еленген азамат!

      Өткен демалыс күндері автомобиль көлігі және жол шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

       Іс-шара барысында облыстың үздік еңбеккерлері марапатталып, олардың адал еңбегі мен кәсібіне деген жауапкершілігі атап өтілді.

       Солардың бірі – Зеренді ауданының тұрғыны, тәжірибелі жүргізуші Мустафин Сагымбай Ақтаевич.

       Оған Ақмола облысы әкімінің орынбасары Рамазанов Е. М. арнайы төсбелгі «Үздік жүргізуші» тақты, бұл марапат оның ұзақ жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы болды.

       Көп жылдан бері жолаушыларды тасымалдау саласында еңбек етіп келе жатқан Сагымбай Ақтаевич — өз ісінің нағыз шебері. Ол мыңдаған жолаушыларды діттеген жеріне аман жеткізіп, студенттер мен жұмысшылардың,  ауыл тұрғындарының жолсерігі болды.

      Қыстың қақаған аязында да, жаздың ыстығында да өз бағытына адал болып, жолдағы қауіпсіздік пен адамдардың өмірі үшін жауапкершілікпен еңбек етті.

      Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бұл марапат – оның кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен көпжылдық еңбегіне берілген әділ баға.

      Сагымбай Ақтаевичті шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбегіңіздің жемісін көріп, жолыңыз әрдайым ашық болсын!