Қайырымдылық пен құрмет айлығы

Қайырымдылық пен құрмет айлығы

          Қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету айлығы аясында, Қазақстан Республикасының Республика күні қарсаңында , Күсеп ауылдық округінің әкімі Сарсенбаев Қ.Т. ауыл шаруашылығы саласына өмірін арнаған ардагерлерді, сонымен қатар «Алтын алқа» иегері көпбалалы аналарды және денсаулығына байланысты мерекелік іс-шараға қатыса алмаған мүгедектігі бар тұлғаларды үйіне барып құттықтады.

         Олардың көпжылдық еңбегіне ризашылық пен құрмет білдіру мақсатында азық-түлік себеттері табысталды. Акция «Агро Адал» ЖШС-нің демеушілік қолдауымен өткізілді.

       Мұндай іс-шаралар бірлік рухын, үлкенге құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, қоғамда қарияларға қамқорлық пен ілтипат көрсету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.