Есептік кездесулер

Есептік кездесулер

Күсеп ауылдық округінде есептік кездесулер өтті

 

Күсеп ауылдық округінің әкімі Сәрсенбаев Қ.Т. 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша тұрғындармен есептік кездесулер өткізді. Кездесулер Оркен, Азат және Өзен елді мекендерінде ұйымдастырылды.

Жиын барысында округ әкімі 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, тұрғындарға түсіндірме берді. Сонымен қатар, ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Кездесулерде тұрғындардың сұрақтары тыңдалып, ұсыныс-пікірлері қарастырылды.