Меню
Страницы

Ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасы

Ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасы

Ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасы

 

🔹️Астанада ауыл әкімдерінің республикалық диалог-платформасы өтіп жатыр, оған Күсеп ауылдық округінің әкімі Қ.Т. Сәрсенбаев қатысты.

Бұл маңызды іс-шараның мақсаты – ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты талқылау, ауыл әкімдерінің жұмысын жетілдіру және жергілікті өзін-өзі басқару институтын одан әрі нығайту.

🔹️Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, аграрлық секторды тұрақты дамыту және халықпен кері байланысты күшейту жөнінде нақты міндеттерді белгіледі. Президент ауыл аймақтарының елдің жалпы дамуына қосатын үлесі зор екенін атап өтіп, ауыл әкімдерінің жауапкершілігі мен кәсібилігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Диалог алаңында еліміздің барлық өңірлерінен келген ауыл әкімдері тәжірибе алмасып, ауылдарды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және цифрлық шешімдерді енгізу бағытында пікір алмасты.

Қазіргі таңда республика бойынша 2334 ауыл әкімі сайланған. Мұндай форумдар олардың жұмысының ашықтығын арттырып, кәсіби біліктілігін жетілдіруге, сондай-ақ өңірлер арасында тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік береді.

🔹️Күсеп ауылдық округінің әкімі форумда көтерілген бастамаларды қолдап, округте халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды одан әрі тиімді жүзеге асыруға ниетті екенін атап өтті.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты