Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов, аудандық ауруханада өткен, қан тапсыру бойынша акциясына қатысты.
⚜️ Іс-шара барысында, аудан әкімі донорлықтың маңыздылығын, бұл мұқтаж жандарға көмектесудің жолы ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.
⚜️ «Әрбір қан тапсыру - өмірді сақтап қалу мүмкіндігі. Мен өңірдің барлық тұрғындарын осындай акцияларға белсенді қатысуға және донорлық қозғалысты қолдауға шақырамын», - деді әкім.
⚜️ Аудандық аурухананың дәрігерлері акцияның барлық қатысушыларына алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралар қан банкін толықтыруға және көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға ықпал ететінін атап өтті.