Жыл сайын дәстүрлі түрде елімізде 12 тамыз - Халықаралық жастар күні ұйымдастырып тұрады. Бұл күнді 1999 жылы 17 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік жастар істері жөніндегі министрлер конференциясында 12 тамызды «Халықаралық жастар күні» деп жариялау туралы шешім бекітілді.
Осы бағытта, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті тарапынан 12 тамыз Халықаралық жастар күнін жоғары деңгейде мерекелеуге арналған кешенді іс-шаралар жоспары мен тұжырымдамалық онкүндігі әзірленді.
Тұжырымдамаға сәйкес 3-12 тамыз күндері аралығында еліміздің барлық аймағында жастарды жан-жақты қолдау мен дамытуға бағытталған қоғамдық, маңызды шаралар ұйымдастырылып, өткізілу қажет.