2025 жылдың көктемінде Ақмола облысының Зеренді ауданы су тасқынының қаупі жоғары аймақта. Сарапшылардың болжамы бойынша, су тасқынының жоғары қаупі қардың күрт еруімен және облыстағы өзендер мен су қоймаларындағы судың шекті деңгейлерінің асып кету мүмкіндігімен байланысты.
Қауіпті барынша азайту және су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында, ауданда кешенді іс-шаралар жүргізілуде, оның ішінде:
⚜️ 1. Өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейінің мониторингін күшейту;
2. Бөгеттерді және жағалау сызығын нығайту;
3.Эвакуациялық пункттер мен маршруттарды дайындау;
4. Халықпен ақпараттық жұмыс жүргізу.
🔰Ең маңызды жобалардың бірі – Чаглинка өзенінің арнасын тереңдету, бұл өзеннің өткізу қабілетін арттырып, судың жағалаудан шығып кету ықтималдығын азайтады. Сондай-ақ басқа да өзендердің арналары мен арықтарды қоқыс пен шөгінділерден тазарту жұмыстары жүргізілуде.
🔰Аудан тұрғындарына су тасқыны кезінде сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады:
- эвакуациялау жағдайына дайын болу үшін құжаттар мен құнды заттарды дайындау;
-Үйлеріңіздің жанындағы су деңгейін бақылау;
-Су басқан жағдайда электр құрылғыларын ажырату;
Байланыс телефондары : 8(716)-32-21-7-22
8(716)-32-21-5-70