Ағымдағы жылдың, 23 қазан күні, «Қарттар күнін» мерекелеу аясында, Ақкөл ауылының тұрғындарына, мәдениет үйінде мерекелік концерт өткізілді. Ауыл тұрғындары үшін қуанышты күні, Ақкөл ауылдық округі әкімі Жанбулат Қалабаевтың құттықтауымен жылы лебіздер айтылып, сонымен қатар, концертке қатысушылардан сүйікті әндер шырқалды, би ұжымдары өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Қарттар күніне орай, әлеуметтік- әріптестік туралы меморандумға сәйкес, жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, шаруа қожалықтарының және жеке кәсіпкерлік басшыларынан азық-түлік себеттері табыс етілді.