Әйелдердің денсаулығын нығайту мақсатында 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде Ақмола облысында фертильді жастағы (52 232) әйелдер профилактикалық тексеруден өтті, 150 327 әйелден экстрагениталды аурулар анықталды, олардың ішінде 160 әйелге жүктілікке абсолюттік қарсы көрсетілімдер қойылған. 2025 жылдың алғашқы 3 айында фертильді жастағы (15-49 жас) әйелдерді заманауи контрацепциямен қамту деңгейі 40,5 % құрады.
Ақмола облысында 26 отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы бұл кабинеттерде 28 454 қабылдау өткізілді. Облыстың медициналық ұйымдарында бедеулікпен ауыратын әйелдерге республикалық деңгейдегі репродуктолог, гинеколог-эндокринолог мамандары кеңес берді, барлығы 1258 әйел қамтылды. Отбасын жоспарлау кабинеттерінде жыныстық белсенді жасөспірім қыздарға контрацепцияның оңтайлы әдісін таңдауға көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ, облыста 2 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.