Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесінің мүшесі лауазымына орналасуға конкурс жариялау

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "көпсалалы облыстық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесінің мүшесі лауазымына орналасуға конкурс жариялау

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы» Мемлекеттік мекемесі, 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 үй, №218 кабинет, анықтама үшін телефон 8(7162) 72-15-38, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 87А үй жұмыс телефоны 8-(716-2)78-00-08 қадағалау кеңесінің мүшелерін таңдап алу үшін конкурс жариялайды. Конкурстың өткізілетін орны: 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 2 этаж 214 кабинетте.

  1. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары білім болуы тиіс, сондай-ақ төменде көрсетілген талаптардың бірі:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

  1. Конкурс өтінімдерін ұсыну мерзімі: конкурсқа қатысу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 күннің ішінде. Құжаттар пакеті мына мекенжай бойынша ұсынады: 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі № 1 үй, № 218 кабинет.
  2. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);

2) мемлекеттік және ресми тілінде түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда);

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжат көшірмесі

6) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35 бабына сәйкес, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;

7) сотталған және жемқорлық құқық бұзышылығының жоқтығын растайтын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнай есеп бойынша Комитетінің бөлімшесімен берілген құжаттар.

Конкурс қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін жоғарылатқаны туралы, ғылыми атақтары мен даңқы туралы, ғылыми жарияланымдары жайында құжаттар көшірмелері, осыған дейінгі жұмыс істеген орны басшыларының мінездемелері) қатысты ақпарат ұсына алады.

Кандидат конкурстық өтінішінің түпнұсқасын конвертке салып, оған «Түпнұсқа» деген белгі қояды. Бұл конвертте кандидаттың аты-жөні, тегі және кандидаттың мекенжайы көрсетілуі тиіс, содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Сыртқы және ішкі конверттер:

Мерзімдік басылымдарда көрсетілген шақыру немесе ақпараттағы мекенжай бойынша «Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы» Мемлекеттік мекемесіне жіберілуі керек;

«Бақылау кеңесінің мүшелігіне конкурс – мемлекеттік мекеменің бақылау кеңесінің мүшесі» деген сөз болуы керек және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» 2024 жылдың ____ мамыр сағат 11.00 –ге дейін ашылмасын.

Конкурстық өтініш мемлекеттік және ресми тілде бір данадан жіберіледі.

  1. Құжаттар қабылдаудың басталу мерзімі: хабарландыру шыққан сәттен бастап.