Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Светлана Александровна Ермолаева Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономикалық бағыт бойынша орынбасарының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Светлана Александровна Ермолаева 1975 жылы туған, Ақмола облысының тумасы.
1998 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2012 жылы гуманитарлық – техникалық академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. "Экономика ғылымдарының магистрі" академиялық дәрежесі бар.
Еңбек жолын 1992 жылы Торғай облысы Жаңадала ауданы Тасты-Талды ауылының қаржы бөлімінің хатшысы болып бастаған.
1993-1997 жылдар аралығында Жаңадала аудандық қаржы бөлімінің басқарма аппаратын қаржыландыру бойынша ревизор-инспектор болып жұмыс істеді. 1997-1999 жылдары Ақмола облыстық қаржы басқармасы басқарма аппаратының қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы.
1999-2000 жылдар аралығында Ақмола облыстық қаржы басқармасы басқарма аппараты мен құқық қорғау органдарын қаржыландыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2000-2008 жылдары Ақмола облыстық қаржы басқармасының әлеуметтік саланы (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, мұрағаттар, БАҚ) қаржыландыру және рұқсат беру жоспарларын жүргізу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2008-2021 жылдар аралығында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары (қаржы-экономикалық мәселелер бойынша) қызметін атқарды.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Көкшетау қаласындағы "HELIOS SOFT" ЖШС Өңірлік басшысы болды.