Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесі 020000, Көкшетау қаласы, Сатпаев 87 А көшесі, жұмыс телефоны 8(7162)78-00-08, 301 кабинет Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК директорының бос орын лауазымына байқау жариялайды.
Байқауды өткізу орны: 020000, Көкшетау қаласы, Сатпаев 87 А көшесі, 3 қабат, мәжіліс залы. Байқау күні 2023 жылдың 16 қазаны сағат 11.00-де.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл және амбулаторлық-емханалық, сондай-ақ стационарлық медициналық көмек көрсету.
Кәсіпорын директорының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған басқару шешімдеріне, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауап береді.
Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, олардың іс-әрекеттерін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптары:
1) «Денсаулық сақтау ісі» дайындығының бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау саласының менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау саласы") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өту туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
2) немесе «Денсаулық сақтау ісі» дайындығының бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау ісі» дайындығының бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе "Бизнес және құқық" немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
3) немесе "Бизнес, басқару және құқық" дайындығының бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау ісі» дайындығының бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
4) денсаулық сақтау саласындағы менеджердің сертификаты;
5) басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Байқау өтінімдерін беру мерзімі: байқауға қатысу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында Байқау өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде. Құжаттар пакеті 020000, Көкшетау қаласы, Сатпаев 87А көшесі, №301 кабинет мекенжайы бойынша ұсынылады.
Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) байқауға қатысуға өтініш беру
2) өмірбаян (еркін түрде)
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері
4) еңбек кітапшасының көшірмесі
5) 086/У нысаны бойынша денсаулықтың жай-күйі туралы анықтама
6)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшесі беретін соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын анықтамалар.
Байқауға қатысушы өзінің білімі, жұмыс өтілі, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.
Үміткер байқау өтінімінің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілей отырып конвертке салады. Бұл конвертте үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекен-жайы көрсетіледі. Содан кейін бұл конверт сыртқы конвертпен жабылады.
Ішкі және сыртқы конверттер:
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-ның Байқау кеңесіне жөңелтілуі тиіс;
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорының бос орын лауазымына байқау жариялау және «2023 жылдың 16 қазаны сағат 11-ге дейін ашпаңыз» сөзі болуы тиіс.
Байқау өтінімі мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жіберіледі.