12 мамыр – мейірбикелердің кәсіби мерекесі. Халықаралық медбикелер күні 1974 жылы қаңтарда Халықаралық медбикелер кеңесінің бастамасымен бекітілген. Бұл ұйымға әлемнің 140-тан астам елінің орта медициналық персоналының өкілдері кіреді.
Бүгінде Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінде 6 мыңнан астам орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл медицина қызметкерлерінің жалпы санының 80%-ға жуығын қамтиды.
Мерекеге орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нурлан Ахильбеков Көкшетау қаласындағы бірнеше медициналық ұйымның мейірбикелерін құттықттады. Атап айтқанда «Viamedis-Kokshetau» ЖШС, Көкшетау қалалық көпбейінді аурухана мен көпбейінді облыстық ауруханаларына барып, еңбекқорлығы мен қызметіне деген адалдығымен көзге түстен мейірбикелерді алғыс хатпен марапаттады.
«Халық денсаулығын нығайту және сақтау үшін күресте мейірбикелердің баға жетпес еңбегі біздің өңірдің табысты дамуы мен өркендеуінің кепілі. Мейірбике мамандығы бүгінде біз жетістіктерімен мақтанатын талантты, мықты мамандардың есімдерін көбірек ашатыны қуантады. Жыл сайын мейірбике мамандығы жоғары мәртебеге және қоғам сұранысына ие болып жатыр»,-деді құттықтау сөзінде Нұрлан Ахильбеков.
Айталық, облыстың медициналық ұйымдарында дәрігерден мейірбикеге бірқатар өкілеттіктерді беруге мүмкіндік беретін кеңейтілген практика мейірбикесі лауазымы енгізілді. Бұл өз алдына, орта медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шындап, біліктілігін артырары сөзсіз.
«Сізге ертеңгі күнге деген сенім мен үздіксіз кәсібидаму, азаматтардың денсаулығын қорғауда мейіргерлік көмекті жетілдіруде көшбасшылық, ақмолалықтардың денсаулығын жақсарту бойынша Сіздің алдыңызда тұрған жауапты міндеттерді табысты орындауды тілеймін! Халықаралық мейірбике күні құтты болсын!»,- деп қортындылады сөзін Ақмола облысының бас дәрігері.