
Құрметті ақмолалықтар! Құрметті дәрігерлер!
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен және «Алғыс айту» мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Отандастарымыз үшін бұл күн қиын кезеңдерді бастан кешкен және ортақ күш-жігермен тәуелсіз Қазақстанды құрған еліміздің барлық этностарының мейірімі мен достығының жарқын символына айналды. Мерекенің негізгі алғышарттарының бірі-өз тарихыңызды есте сақтау және мақтан тұту.
Қазіргі әлемде өскелең ұрпақтың бір - біріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ этносаралық келісімді нығайту басым міндеттердің бірі.
Алғыс айту күні-еліміздің барлық азаматтарына, ортақ халықтық мүддемізге құрмет көрсету мүмкіндігі деп білеміз!
Басты байлық-денсаулық. Осы орайда, біз бүгінгі күннің батырларына - медицина қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді!
Осы көктемнің алғашқы күнінде баршаңызға амандық, бейбітшілік және әр отбасына жақсылық тілейміз! Сіздерге зор денсаулық, Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін табысты және жемісті жұмыс тілейміз!