Ашық есік күні аясында ауыл тұрғындарының скринингі бойынша хабарландыру!

Ашық есік күні аясында ауыл тұрғындарының скринингі бойынша хабарландыру!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Медициналық ұйымдарға барудың ыңғайлылығы мақсатында қосымша сенбі күндері (2022 жылғы 5 қараша, 2022 жылғы 12 қараша, 2022 жылғы 19 қараша, 2022 жылғы 26 қараша) сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізу жоспарланған! 

Осыған байланысты, Сіздерді тіркеу бойынша медициналық ұйымда тегін скринингтен өтуге шақырамыз. Скрининг жолдамасыз жүргізіледі.                      

Скринингтің негізгі мақсаты - әдеттегідей ауруды ертерек анықтау ғана емес,  аурудың жағымсыз нәтижелерінің алдын алу.

Скринингтік зерттеулерге жататын ауыл халқы адамдардың қосымша нысаналы топтары:

Нысаналы топ Скринингтік зерттеулердің түрі
Скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан 29 жасқа аралығындағы ерлер мен әйелдер Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға
Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен, глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға
Асқазан-ішек жолы ауруларымен және созылмалы бүйрек ауруларымен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға
Тыныс алу мүшелерінің туберкулезімен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер Тыныс алу ағзаларының туберкулезін ерте анықтауға
Скринингтік зерттеулерден өтетін, қуықасты безі обырымен динамикалық бақылауда тұрмайтын 55 –тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер Қуықасты безі обырын ерте анықтауға