Қырғызстан Республикасы "QazVac" коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық вакцинаны тіркеген алғашқы шет мемлекет болды

Қырғызстан Республикасы "QazVac" коронавирустық инфекцияға қарсы қазақстандық вакцинаны тіркеген алғашқы шет мемлекет болды

QazVac (QazCovid-in) вакцинасын мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігін Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаменті 2021 жылғы 18 тамызда берді.

Тіркеудің қолданылу мерзімі 2022 жылғы 18 ақпанға дейін белгіленген.

Осылайша, Қырғызстан Республикасы Қазақстанда өндірілген коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркеген алғашқы мемлекет болды.