А. Цой ЭЫҰ-ға мүше елдердiң денсаулық сақтау министрлерiнiң кеңесiне қатысты

А. Цой ЭЫҰ-ға мүше елдердiң денсаулық сақтау министрлерiнiң кеңесiне қатысты

Денсаулық сақтау министрi Алексей Цой Иран Ислам Республикасы ұйымдастырған экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердiң денсаулық сақтау министрлерiнiң төртiншi кеңесiне қатысты.

Iс-шара барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелерi бойынша пiкiр алмасу болды. Атап айтқанда, COVID-19 таралуына қарсы iс-қимыл шаралары бойынша және т. б.

Кеңес жұмысына ЭЫҰ-ға мүше 10-нан астам елдiң министрлерi мен өкiлдерi, сондай-ақ ЭЫҰ Бас Бас хатшысы Х.Солейманпур және Еуропалық өңiрлiк бюроның директоры Х. Клуге қатысты.

А. Цой 2021 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың негiзгi басымдықтары: санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi күшейту, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация, көлiк медицинасын дамыту, заманауи клиникалар салу және т. б. туралы хабардар еттi.

Сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы кезiнде және қалпына келтiру кезеңiнде алғашқы медициналық-санитарлық көмектiң қол жетiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз етудiң маңыздылығы атап өтiлдi. Осы тұрғыда алдағы халықаралық iс-шаралар алаңында Астананың МСАК жөнiндегi Декларациясын одан әрi iлгерiлету мәселесi өзектi болып табылады.

Кеңес қорытындысы бойынша COVID-19 пандемиясына жауап ретiнде өңiрлiк ынтымақтастық үшiн ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердiң Декларациясы қабылданды, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерiмен жаппай қамтуға қол жеткiзу, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, ТЖ, оларға дайындық және ден қою саласындағы ынтымақтастық және т. б. сияқты маңызды бағыттарды қамтитын ЭЫҰ өңiрiндегi денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi 2021-2022 жылдарға арналған iс-қимыл жоспары қаралды.