Науқастың қажеттiлiктерiне басты назар аударылады — А.Цой

Науқастың қажеттiлiктерiне басты назар аударылады — А.Цой

Бүгiн Денсаулық сақтау министрi Алексей Цой ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында халықпен есептiк кездесу өткiзiп, оның барысында 2020 жылғы қызметi және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгiмеледi.

Денсаулық сақтау жүйесi тап болған сын-қатерлердi ескере отырып және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Министрлiк қызметтiң жаңа басымдықтарын қалыптастырып, назар аударды. Олардың iшiнде — МӘМС шеңберiнде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөнiндегi жұмысты күшейту, бастапқы медициналық көмектi ұйымдастыру тәсiлдерiн түбегейлi қайта қарау, көлiк медицинасын күшейту, барлық өңiрлерде iрi заманауи ауруханалар салу, өңiрлерде инфекциялық ауруханалар салу, елдi мекендердi фельдшерлiк-акушерлiк пункттермен және дәрiгерлiк амбулаториялармен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерiнiң жалақысын арттыру, медициналық мекемелердi кадрлармен қамтамасыз етудiң орта мерзiмдi болжамын қалыптастыру, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамыту.

Бұл жұмыс 2021 жылы да жалғасатын болады. Ол үшiн Президенттiң 2020 жылғы 1 қыркүйектегi «Қазақстан жаңа iс-қимыл кезеңiнде» атты ел халқына Жолдауын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын ұлттық жобаға трансформациялау бойынша жұмыс басталды.

«Денi сау ұлт» ұлттық жобасы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейiнгi ұлттық даму жоспарының, Nur Otan партиясының «Өзгерiстер жолы: әркiмге лайықты өмiр!», ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, 2030 жылға дейiнгi Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары», — дедi А.Цой.

Ұлттық жобаның негiзгi бағыттары: «Денсаулық сақтауды дамыту», «Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың қазiргi заманғы жүйесiн қалыптастыру», «Қазақстанның отандық фармацевтикалық өнеркәсiбi», «Бұқаралық спортты дамыту». Негiзгi ұлттық индикатор 2026 жылға қарай өмiр сүру ұзақтығының 75 жасқа дейiн өсуi болып табылады.

«Денi сау ұлт» Ұлттық жобасын iске асыру нәтижесiнде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемiн барлық көздерден елдiң ЖIӨ-нiң 5%-ына дейiн ұлғайту, жыл сайын экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүргiзуге 7000 квота бөлу, өңiрлерде 20 заманауи медициналық орталық салу, ауылдық елдi мекендерде 137 фельдшерлiк-акушерлiк, медициналық пункттер мен дәрiгерлiк амбулаториялар ашу күтiлуде. Бұдан басқа, МӘМС қаражаты есебiнен әрбiр азамат үшiн қымбат тұратын медициналық қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және квоталарды 1,3 млн-нан ұлғайту жоспарлануда. дәрiгерлердiң орташа жалақысын 2,5 есеге арттыру, сондай-ақ отандық өндiрiстегi дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың үлесiн 50% дейiн ұлғайту.

Денсаулық сақтау саласында қажеттi қайта құрулар векторын айқындау үшiн Министрлiк Денсаулық сақтау жүйесiн одан әрi дамыту перспективасының пайымын қалыптастырды, олар Денсаулық сақтау тиiмдiлiгiн арттыруға, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

«Ұсынылып отырған модельде бiз пациенттiң қажеттiлiктерiне басты басымдық берудi жоспарлап отырмыз. Осы қажеттiлiктердiң негiзiнде денсаулық сақтау ұйымдарындағы сервистi жақсарту, медициналық ұйымдарды қолда бар қажеттiлiкке сәйкес кадрлық қамтамасыз ету, денсаулық сақтау процестерiн автоматтандыру және ақпараттандыру бөлiгiнде жедел шешiмдер қабылдануы тиiс», — деп атап өттi Денсаулық сақтау министрлiгiнiң басшысы.

Бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы қажеттi стандарттарды, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, ең алдымен, халықтың мұқтаждығы тұрғысынан қалыптастырылатын болады. А. Цойдың айтуынша, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшiн медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу немесе тозған нысандарды жөндеу бойынша шаралар қабылданатын болады. Мұның бәрi, сайып келгенде, жұмысты жетiлдiруге, қалада да, ауылда да медициналық көмек көрсетудi күшейтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесiн естуге мүмкiндiк бередi.