Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлiм-жiтiм құрылымында өкпе обыры бiрiншi орында — Д.Қайдарова

Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлiм-жiтiм құрылымында өкпе обыры бiрiншi орында — Д.Қайдарова

2021 жылдың 29-30 сәуiрiнде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында «Өкпе обыры. Озық шешiмдер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн Конференция өтедi.

Онлайн конференция барысында өкпе обырының пайда болу механизмдерiн түсiнудегi жаңа ғылыми жетiстiктер, өкпе обырын диагностикалау мен емдеудiң заманауи медициналық технологиялары, дербестендiрiлген терапияның инновациялық әдiстерi, сәулелiк терапияның жоғары технологиялық әдiстерi және хирургияның заманауи жетiстiктерi, сондай-ақ өкпе обырымен ауыратын науқастарды оңалту және паллиативтiк көмек мәселелерi қамтылады.

Баяндамамен сөз сөйлеу үшiн ДДҰ-ның Халықаралық қатерлi iсiктердi зерттеу агенттiгi (ХҚIЗА) өкпе обыры проблемалары жөнiндегi жетекшi шетелдiк сарапшылары, сондай-ақ Италия, Испания, Ресей, Түркия, Беларусь және т.б. орталық онкологиялық орталықтарының сарапшылары шақырылды.

Өкпе қатерлi iсiгi-әлемдегi ең көп таралған қатерлi iсiк. Халықаралық қатерлi iсiктердi зерттеу агенттiгi (ХҚIЗА) мәлiметтерi бойынша жыл сайын 2 миллионнан астам ерлер мен әйелдер өкпе обырымен ауырады, олардың үштен екiсi — ер адамдар (1 368 524) және әйелдiң үштен бiрi (725 352). Өкпе қатерлi iсiгi бүкiл әлемде қатерлi iсiк ауруынан болатын өлiмнiң басты себебi болып табылады — жыл сайын бұл аурудан 1,8 миллионға жуық адам қайтыс болады.

Өкпе қатерлi iсiгiнiң негiзгi себебi-темекi шегу, оның iшiнде пассивтi (барлық жағдайлардың шамамен 90%).

«Қазақстанда өкпе обыры сүт безi обырынан кейiнгi қатерлi iсiктердiң ең көп таралған түрi болып табылады. Жыл сайын ҚР-да өкпе обырының 3500-ге жуық жағдайы анықталады. Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлiм-жiтiм құрылымында өкпе обыры да бiрiншi орында: шамамен 6-7 қазақстандық күн сайын өкпе обырынан көз жұмады», — дейдi «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрайымы, ҚР ДСМ бас онкологы, м.ғ.д. Диляра Қайдарова.

Конференцияның пленарлық ашылуының видеосы: https://www.facebook.com/KazIORonco/live/

Конференция бағдарламасымен және спикерлермен мына сiлтеме бойынша танысуға болады: https://lung-cancer.kazior.kz/imgs/program.pdf

(+WhatsApp) 87017057876 Телефон арқылы БАҚ үшiн қосымша анықтамалар

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметi