Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізді және «Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ азаматтарды қабылдады»

Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілермен кеңес өткізді және «Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ азаматтарды қабылдады»

Кеңеске бейнеконференция байланысы арқылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Марденұлы Хайруллин қатысты.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Балғожақызы Жаңаділова мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін арттыру бойынша қабылданатын ағымдағы кезеңдегі жағдай туралы хабардар етті. Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырып, жоғары кәсіби және адами беделдің кепілі заңдылық пен әдептілік қағидаттарын ұдайы ұстану болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, кеңес барысында 2020 жылғы қызмет қорытындылары туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының әдеп жөніндегі уәкілі Г. К. Құсайынова хабарлады.

Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі азаматтарды жеке қабылдады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауын бақылауды күшейтуге қатысты барлық аталған ескертулерді орындауға қабылдау тапсырылды.