Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар-кеңес өткiздi

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар-кеңес өткiздi

Қазiргi уақытта халықтың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiне қанағаттануымен байланысты мәселелер ерекше өзектiлiк пен әлеуметтiк маңыздылыққа ие болып отыр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң департамент басшысы Б.М. Беспалинов, Ақмола облысы әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтердi ұсынуды талдау бөлiмiнiң басшысы Д.Г.Жұмабек және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi департаментiнiң мемлекеттiк қызметтер бөлiмiнiң басшысы А.К.Мұхамеджановтың қатысуымен семинар облыстың медициналық ұйымдарымен онлайн режимiнде өткiзiлдi.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Б.Уаисова 2020 жылға арналған денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс қорытындылары туралы есеп бердi.

Кеңес барысында денсаулық сақтау саласында мемлекеттiк қызмет көрсетудiң проблемалық мәселелерi және оларды шешу жолдары талқыланды. Облыстың медициналық ұйымдарына мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейту және мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берiлдi.