А.Цой Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Президентінің тапсырмаларын қалай орындайтынын айтты

А.Цой Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Президентінің тапсырмаларын қалай орындайтынын айтты

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының қалай орындалатынын айтты.

Министрлік денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде босандыру және реанимация қызметтерін түгендеу, оларды медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін құрамында ведомствоның аймақтық департаменттері мен әкімдік өкілдері бар жұмыс тобын құрды, түгендеуге кіретін медициналық ұйымдардың кестесі мен тізімі жасалды, сондай-ақ медициналық ұйымдарды түгендеу қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленеді.

“Ал өңірлердегі әкімдіктер сол ұсынымға сәйкес мекемелерді медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуі қажет”,- деді А.Цой.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасын теңгерімді реттеу үшін министрлік “Дәрілік заттардың бөлшек және көтерме сауда үшін шекті бағасын бекіту туралы” бұйрық жобасын әзірледі.

Сонымен қатар, өңірлерде арнайы топтар құрылады, құрамына келісім бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері кіреді, олар дәріханалардағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Бұдан басқа, азаматтардың жекелеген санаттарына проактивті форматта дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсынудың мемлекеттік қызметін енгізу үшін қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенті әзірленетін болады.Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы көрсетілетін қызметті мемлекеттік қызметтер тізіміне енгізу мәселесі пысықталуда және Әділет министрлігімен бірлесіп стандарттар мемлекеттік тіркеуге алынатын болады. «Министрлік Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының филиалы базасында ҚР ДСМ пен ДДСҰ арасындағы Келісім шеңберінде халықтың иммундық қабілетін анықтау, эпидемияға қарсы дұрыс шаралар қабылдау және мектептердің қалыпты оқу режиміне оралуына, COVID-19  ауруының нақты көрінісін анықтауға бағытталған статистикалық зерттеу жүргізуде. Алдағы уақытта зерттеу нәтижелері негізінде статистикалық деректер тіркеуге алынады», - деді А.Цой.

Вакцинацияланғандар туралы деректер Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Министрлік азаматтарға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салу шарасын жоспарға сәйкес ұйымдастырды және 1  ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинациялау басталды. Осы жоспар шеңберінде вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ вакцинаны сақтау және тасымалдау регламенті әзірленіп, бекітілді. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасы аясында белгілі қазақстандық дәрігерлердің ұсыныстарын жан-жақты талқылау үшін Министрлік басшылығы, ведомство өкілдері мен сарапшылардың қатысуы мен кездесу өтеді.  Олардың кандидатурасы денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобаларды анықтау жөніндегі топ құрамына кіреді.

А.Цой Мемлекет басшысының Денсаулық сақтау министрлігіне берген тапсырмалары көрсетілген мерзімде толық іске асырылады деп сендірді.