Мәңгілік жадымызда!

Мәңгілік жадымызда!

2021 жылғы 29 қаңтарда клиникалық зертханалық диагностика бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі Станислав Рафаилович Багинскийдің қайтыс болғанын қайғы-қасіретпен хабарлаймыз.

Станислав Багинский 1951 жылы 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Келлеровка ауданы Подлесное  селосында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіргеннен кейін, Ақмола облысының санитарлық-эпидемилогиялық қызметінде, Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында, КСРО АМН Сібір бөлімшесінің полярлық медицина ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының клиникалық-иммунологиялық зертханасының меңгерушісі содан, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы және эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Еңбек өтілі 46 жылдан астам, оның 27-сі Ақмола облысының ЖИТС қызметіне арналды.

Орталықтың ұжымы туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Станислав Рафаилович өзінің кәсіби міндеттеріне мейірімді, жанашыр және ақкөңіл адам ретінде әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы