ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: ДДСҰ атқарушы комитетінің сессиясында МСАК-тың ерекше рөлі талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: ДДСҰ атқарушы комитетінің сессиясында МСАК-тың ерекше рөлі талқыланды

18 қаңтарда Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының атқарушы комитетiнiң 148-шi сессиясы өз жұмысын онлайн форматта бастады, мұндай жиындар 2021 жылдың 26 қаңтарына дейiн жалғасады. Талқылау тақырыптары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды, оның iшiнде COVID-19, пациенттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi қамтиды және т.б. сондай-ақ, халықтың денсаулығын қорғау iсiнде, әсiресе пандемия кезеңiнде алғашқы медициналық көмектiң рөлiне қатысты болады.

«Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымына, оның бас директоры доктор Тедрос Адхан Гебрейюске және аймақтық директорларға әлемде жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына қарамастан, жаһандық, аймақтық және елдiк деңгейде алғашқы медициналық-санитарлық көмектi дамытуға жетекшiлiк еткенi және белсендi қолдау көрсеткенi үшiн алғысымды бiлдiремiн. COVID-19 пандемиясы кезiнде алғашқы медициналық-санитарлық көмек халықты денсаулық сақтаудың негiзгi қызметтерiмен қамтамасыз етудiң басты шараларының бiрi болып қала бередi», — деп атап өттi ҚР ДСМ халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң директоры Гүлнар Мұханова.

Ол 2018 жылы қабылданған Астана қаласының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөнiндегi декларациясы елдердiң әрбiр адамның қандай да бiр айырмашылықсыз денсаулықтың ең жоғары қолжетiмдi деңгейiне ие болуына iргелi құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiн растайтынын атап өттi.

Ол 2018 жылы қабылданған алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясы мемлекеттердiң денсаулық сақтаудың ең жоғары стандарттарына негiзделген әрi ешбiр азаматтардың аталған көмектi алуда құқығын толық қамтамасыз ететiнiн баса айтты.

Естерiңiзге сала кетейiк, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудiң жедел механизмi немесе МСАК-ты күшейту үшiн елдерге 14 стратегиялық және операциялық жүйе ұсынатын Астана декларациясын iске асыру жоспары мүше мемлекеттермен 2020 жылғы қарашада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ассамблеясының 73-сессиясында қайта қабылданды. Операция механизмi iске қосылды, онда елдер ондағы басым бағыттарды талқылап, алғашқы медициналық-санитарлық көмектi күшейту бойынша тәжiрибе алмасуға мүмкiндiк алды.

«Қазақстан ағымдағы жылдың мамыр айында Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ассамблеясының 74-сессиясының жұмысы аясында МСАК операциялық тетiгiн қолдау мақсатында iс-шара өткiзу бастамасын көтеруде. Осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Гебрейесус пен ДДСҰ-ға мүше мемлекеттерден осы iс-шараны өткiзу бастамасын қолдауды сұраймыз және елдердi, ұйымдарды және басқа да мүдделi серiктестердi МСАК Операциялық тетiгiн талқылауға белсендi қатысуға шақырамыз», — дедi ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң өкiлi.

Жалпы, ДДСҰ атқарушы комитетiнiң күн тәртiбiне Денсаулық сақтау саласындағы 20-дан астам мәселе, оның iшiнде пациенттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; инфекциялық емес аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес; онкологиялық және орфандық ауруларды тиiмдi емдеуге қолжетiмдiлiктi кеңейту; қоғамдық денсаулық сақтау; микробқа қарсы препараттарға төзiмдiлiк; кондицияланбаған және жалған медициналық өнiмдер; иммундау; офтальмологиялық көмек; қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар, оның iшiнде COVID-19 және полиомиелит; денсаулықтың әлеуметтiк детерминанттары; бюджеттiк-қаржылық және басқа да ұйымдастыру мәселелерi енген.

Анықтама: Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша МСАК ұйымдастыру тәсiлдерiн түбегейлi қайта қарау бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан халқының қажеттiлiктерiне және шетелдiк практиканың озық жетiстiктерiне жауап беретiн МСАК-ты дамытудың ұзақ мерзiмдi стратегиясын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргiзуде. Амбулаториялық — емханалық көмектiң қолжетiмдiлiгiн жақсарту бойынша 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешенiнiң жобасы қалыптастырылуда. Ол елдiң бүкiл халқын профилактикалық тексерулермен қамтуды, «Ауыл — ел бесiгi» арнайы жобасын ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңiрлiк перспективалық жоспарларына сәйкес кемiнде 300 жаңа МСАК объектiлерiн ашуды, МСАК жұмысын халықтың медициналық қызметтер көрсету жөнiндегi қажеттiлiктерiне бағдарлауды қамтиды. Осы шараларды iске асыру үшiн МСАК-ты қаржыландыруды 60% — ға дейiн ұлғайту көзделген. Бұдан басқа, МСАК дамыту шеңберiнде электрондық рецептiлер мен анықтамалар беру, сондай-ақ дәрiлiк заттарды жоспарлауды автоматтандыру көзделетiн болады.