
Кейде сіздер бұқаралық ақпарат құралдарынан немесе танымал парақшалардан көретін операциялардың кадрлары біздің команданың еңбегі болады. Облыстың ең шалғай ауданында да маңызды сәтті дер кезінде түсіріп, науқастың сауығу тарихын, дәрігерлердің жанкешті еңбегін елге жеткізетін мамандарымыз бар.
Олар денсаулық сақтау саласының көрінбейтін ақпарат майданының сарбаздары. Халық пен медицина арасындағы алтын көпір болып, саладағы маңызды жаңалықтарды көпшілікке жеткізіп келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек басқарманың баспасөз қызметі командасын кәсіби мерекесімен құттықтап, медицина саласының еңбегін халыққа кеңінен танытып жүрген жұмыстары үшін алғысын білдірді.