Мемлекеттік қызметші күні

Мемлекеттік қызметші күні

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұжымды Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтап, халық денсаулығын нығайту мен денсаулық сақтау саласын дамытудағы мемлекеттік қызметтің маңызды рөлін атап өтті.

Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Алғыс хаттарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің грамоталарымен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтап, жұмыстарына табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!