
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында Құқықтық қолдау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заңнама талаптарын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Іс-шара барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және адалдық қағидаттарын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Негізгі назар ашықтыққа, жауапкершілікке және тиімді мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары ретінде заңдылықты сақтауға аударылған.