ХАБАРЛАНДЫРУ cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы

«Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ 2026 жылғы 15-20 маусым аралығындағы кезең бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7-тармағына сәйкес жұмыс тобының құрамында талдау нәтижелерін талқылауға қатыса алады.

Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 15-20 маусым аралығында Құқықтық қолдау және МЖӘ бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Демерчян Д.В. 8 777 345 52 00 телефоны арқылы хабарласуға болады.