Брифинг

Брифинг

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ана мен бала денсаулығын қорғау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқашеваның қатысуымен «Дұрыс тамақтану – салауатты балалық шақтың кепілі» тақырыбында брифинг өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шара барысында спикер дұрыс тамақтанудың баланың денсаулығын нығайтудағы, иммунитетін қалыптастырудағы және жан-жақты дамуын қамтамасыз етудегі маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде балалардың тамақтану тәртібін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.